Қыркүйек айында Медициналық сақтандыру қорына 8 млрд теңге аударылды
Қыркүйек айында Медициналық сақтандыру қорына 8 млрд теңге жарна жетті.
Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі аралықта жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген жарнаның жалпы сомасы 105 млрд теңгеге жетті.
Оның 96,4 млрд теңгесі (91,8%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,6 млрд теңге (8,2%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.